«Білгірлер бәйгесі» атты факультетаралық интеллектуалдық ойыны өтті

2021 жылдың 8 ақпаны  күні «Көшбасшы» танымдық клубының ұйымдастыруымен «Білгірлер бәйгесі» атты факультетаралық  интеллектуалдық ойыны өтті.

Ойынға университетіміздің 1,2,3 курс студенттері қатысты. 

Ойын 5 деңгейде өтті:

І. Таныстыру

ІІ. Бәйге

ІІІ. Сөз ойла, тез ойла

ІV. Алты жұмбақ

V. Жекпе-жек

Ойын барысында студенттер өздерінің көшбасшылық қасиеттерін арттырып, шығармашылық бәсекелестікпен логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады.

Ойын нәтижесі бойынша төмендегі студенттер жүлделі орындарға ие болды.

       І орынды   ВжМШТ факультетінің студенті  Дана Өмірзақ;

       ІІ орынды  ВжМШТ факультетінің студенті  Диана Айтбекова;  

       ІІІ орынды  ВжМШТ факультетінің студенті Арман Сагидолла иеленді.