«Бірлігіміз жарасқан» атты байқау өтті

2021 жылдың 29 қаңтары күні «Бірлік» клубының ұйымдастыруымен университетіміздің өзге ұлт  студенттері арасында «Бірлігіміз жарасқан»  атты  факультетаралық  байқау өтті.

Шара студенттеріміздің бос уақытын тиімді өткізуге, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға және шығармашылық бәсекелестікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға әр факультеттің өзге ұлт өкілдері қатысып, шығармашылық бағытта түсірген  бейне – баяндарын ұсынды.

Байқау нәтижесі бойынша 

І - орынды экономикалық факультетінің студенті - Ахундова Аида  (ұлты әзербайжан) иеленді. 

Қалған қатысушыларымыз байқауға қатысқандығы үшін алғыс хаттармен марапатталды .