«Бірлесе жоспарлау – клуб жұмысының сапасын жақсартудың тиімді жолы» тақырыбында тәжірибе алмасу алаңы өтті

2020 жылдың 27 қаңтары күні «Аманат» пікір – сайыс клубының ұйымдастыруымен  «Бірлесе жоспарлау – клуб жұмысының сапасын жақсартудың тиімді жолы» тақырыбында тәжірибе алмасу алаңы өтті. 

Тәжірибе алмасу алаңына үлкен кураторлар мен клуб басшылары қатысты. 

Бұл тәжірибе алмасу алаңы клуб жұмыстарын жақсарту үшін, өзара тәжірибе алмасу мен бірлесе жоспарлау дағдыларын қалыптастыру және өзара ынтымақтасқан мәдени орта құру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында кураторлар мен клуб басшылары әр түрлі идеяларды ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Шара соңында бір ауыздан тәжірибе алмасуды жалғастыру ұсынысы қабылданды.