«Біз бір отбасымыз» атты дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 27 ақпаны күні күні «Бірлік» клубының ұйымдастыруымен университетіміздің өзге ұлт  студенттері арасында  «Біз бір отбасымыз»  атты  дөңгелек үстел  өтті.

Шараға университетіміздің өзге ұлт студенттерімен Нұр-Сұлтан қаласы Өзбек этномәдени орталығы жанындағы Жастар қанатының жетекшісі Юлдашов Сардор Равшанбекович  қатысты.

Бұл шарада  студенттеріміз  өздерінің әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін дәріптеп ойларын ортаға салды.

 Шараны Оразалиев Ернур  «Біз біргеміз» әнімен аяқтады.