«Болашақ бизнесмендер» атты сырласу кеші өтті

2021 жылдың 26 қаңтары күні «Бизнес және кәсіпкерлік» клубының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы  1-курс студенттеріне арналған «Болашақ бизнесмендер» атты сырласу  кеші өтті. 

Сырласу кеші 4 бөлімнен тұрды. 

  1. кешті ашу
  2. таныстыру
  3. сыр-сұқбат 
  4. тілектер шоғы  

Кешті әдемі әнмен ашқаннан кейін, сөз кезегі клуб төрайымына берілді. Сонымен қатар әр студент өздерін таныстырып өтті. Іс-шара барысында қатысушылар болашақта өздерінің кәсіпкерлігі жайлы айтып,  бизнес туралы сұрақтар қойылып, қызықты ақпараттар мен пайдалы кеңестер берілді.  

Кеш соңында студенттер бір-біріне арналған тілектерін білдірді.