«Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» атты турнирі өтті

2020 жылдың 24-25 қазаны күндері аралығында  «Аманат» пікір–сайыс клубының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» атты факультетаралық пікір-сайыс турнирі ZOOM қосымшасы арқылы өтті. 

Турнирге университетіміздің факультеттерінен құралған 16 студент қатысты. 

Турнирді жаңа заман талабына сай, студенттердің жан-жақты дамуына, әлеуметтік-шығармашылықпен белсенділігін арттыру және ораторлық қабілеттерін шыңдап, пікір-сайыс қозғалысын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.  

Пікір – сайыс турниріне қатысып жақсы ойын көрсеткені үшін төмендегі студенттер марапатталды.                                                                                                                          

I орынды  Экономикалық факультетінің студенттері Мұсабекова Аяулым және Кошмагамбет Алма;  

II орынды  Агрономиялық факультетінің студенттері Бердібек Асылхан мен Конакбаева Мерей ;

III орынды  Техникалық факультетінің студенттері Намен Арсен және Октябров Мейрбек; 

Финалист атанғандар: КЖжКБ  факультетінің студенттері Аширалиева Гулназ және Әшім Шерхан;  

Үздік төреші: Техникалық факультетінің студенті Құлке Нұрсұлтан.