«Денсаулық -біздің болашағымыздың негізі» атты семинар- тренинг өтті

2021 жылдың 21 ақпаны күні «Сау болайық» клубының ұйымдастыруымен «Денсаулық - біздің болашағымыздың негізі» тақырыбында   ZOOM қосымшасында қыз балалармен семинар- тренинг  өтті.

Іс-шараға дәрігер Асхат Ізтаев және университетіміздің 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шара  барысында  дәрігер денсаулық сақтау бағыты бойынша баяндама оқып, қазіргі таңдағы  қыздарымыздың арасында жиі кездесетін жыныстық жұқпалы аурулардың алдын алу  жолдары мен зардаптары жайлы әңгіме жүргізіп, ақыл-кеңесін берді.

Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.