«Ғылымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2020 жылдың 30 қарашасы күні «Jastar City-2020» клубының ұйымдастыруымен «Ғылымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы»  тақырыбында дөңгелек үстел  ZOOM қосымшасында өтті. 

Дөңгелек үстелге Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы О.Ж Темірқұлов пен  университетіміздің белсенді студенттері қатысты.

О.Ж.Темірқұлов ағамыз  «Ғылымы жок елдің болашағы бұлыңғыр» деп өз сөзін бастап  студенттерге қазіргі таңдағы ғылымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы жайында әңгіме қозғап талқыланды,  Олжас ағамыз еліміздегі ғылымды дамыту  көрсеткіштеріне назар аударуға, ғылымды өркендету үшін  ғылыми жұмыстармен айналысуы керектігін түсіну мақсатында студенттермен өз ойын  бөлісті.