«Happy New Year» құпия санта ойыны өтті

2021 жылдың 13 қаңтары күні «English speaking» клубының ұйымдастыруымен «Happy New Year» құпия қызықты санта ойыны онлайн форматта ZOOM қосымшасында  өтті. 

Бұл ойын  жастардың  ойлау қабілетін дамытып, ағылшын тілін арттыру мақсатында  ұйымдастырылды. 

Ойын тәртібі бойынша, қатысушылар жасырылған санта ұяшықтарының бірін таңдап, ұяшықтағы логикалық, викториналық сұрақтарға бірінші болып жауап беруі тиіс. 

Бірінші болып жауап берген барлық қатысушыларға клуб атынан сыйлықтар табысталды.