«House dance» аты биден шеберлік сағаты өтті

2021 жылдың 24 ақпаны күні «Arrow crew» клубының ұйымдастыруымен  «House dance» аты шеберлік сағаты өтті.

Аталған іс-шараға биші хореограф Куанбеков Рустам шақырылды. Рустам мырза шеберлік сағатта қатысушыларға би стилінің қимылы жайлы таныстырды.Би өнері туралы жаңа пайдалы ақпараттар беріп өз  тәжірибесімен  бөлісті.

 Студенттерге  бидің негізгі стилінің қимылдары туралы бейне - баяндар көрсетіліп, сондай-ақ, қайдан шыққандығы жайлы да айтып берді.