«IQ game» интелектуалдық ойыны өтті

2020 жылдың  1 қазан күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Көшбасшы» танымдық клубының ұйымдастыруымен «IQ game» атты I- II курс студенттері арасында факультетаралық интелектуалдық ойыны өтті.

Бұл ойынға университетіміздің факультеттерінен құралған студенттер қатысып, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, студенттер арасындағы бәсекелестікті арттырып, жан-жақты сұрақтарға жауап бере отырып, логикалық ойлау қабілеттерін арттырды.

Ойын  қорытындысы бойынша қатысушылар, жүлделі орындарға ие болды. Оларға мадақтамалар  мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

По итогам конкурса участники заняли призовые места. Им были вручены грамоты и поощрительные призы.

І орынға -  ЖРБСжД факультетінің студенті  және «Алтын белгі» клубының төрағасы  Алпамыс Алмас

ІІ орын- ЖРБСжД факультетінің белсенді студенті  Ботбай Улболсын

ІІІ орын -Агрономия факультетінің студенті Сапаралиева Аружан  ие болды.