«Жастар отанға!» тақырыбында онлайн кездесу өтті

2020 жылдың  14 қазаны күні «Жас Отан» жастар қанаты клубының ұйымдастыруымен «Жастар отанға!» тақырыбында «Jas Otan» ЖҚтөрағасы Жанділдаев Бақдаулетпен онлайн кездесу ZOOM қосымшасы арқылы өтті.

Кездесуде «Jas Otan»ЖҚ төрағасы Жанділдаев Бақдаулет «Jas Otan» ЖҚ жұмысы жайында ақпараттармен бөлісіп, жалпы атқаратын қызметі мен мақсаты, міндеті жайлы таныстырып, сонымен қатар «Жастар-Отанға!» бағдарламасына да тоқталып кетті.«Жастар Отанға!»– бұл еліміздің барлық жастарын қамтитын, өте ауқымды бағдарлама екенін және бұл бағдарлама 5 бағыттан, яғни азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу бағыттарынан тұратыны жайлы да айтып өтті.

 Студент жастарымыз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып,қанағаттанарлық жауап алып алғыстарын білдірді.