«Жемқорлықпен күрес - әр азаматтың парызы» атты онлайн кездесу өтті

2020 жылдың 28 қаңтары күні  «Парламент» ұйымының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы ҚазАТУ–дың студенттерімен «Жемқорлықпен күрес - әр азаматтың парызы» тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің  бас маманы Д.И.Раимбаевпен  онлайн кездесу өтті. 

Бұл шарада    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы баяндама оқылды. Осы саланың маманы студенттер арасында  жиi кездесетiн Қазақстан Республикасының Заңдары талаптарының бұзылу фактiлерi және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен iс-қимыл бағытындағы негiзгi мәселелер туралы  жастармен ой бөлiстi.

Кездесуге қатысқан студенттерге алдағы уақытта жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жолындағы кеңестерін айтып,  жастардың сұрақтарына жауап берді.  Шара соңында қатысушылар өз алғыстарын білдірді.