«Қарттарым - асыл қазынам» атты қарттармен кездесу өтті

2021 жылдың  15-27 қаңтары аралығында «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы, Морозова көшесі, 39 үй мекен-жайында орналасқан «Мейірбикелік күтім» орталығында,  Ақтөбе қаласы, Нефтяников көшесі,  25 үйде орналасқан «Қарттар мен мүгедектер» интернат үйінде «Қарттарым - асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасы өтті.

«Көмек» еріктілер ұйымы өз әлеуметтік желісінде қор ашып, қорға жиналған қаражатқа азық-түлік, антисептиктер мен медициналық бетперделерді алып, санитарлық норманы сақтай отырып,  қариялармен кездесті. 

«Даналықтың алтын кілті - қазыналы қарияларда» демекші қарттарды ардақтау мақсатында өткен шараға жастарымыз белсене атсалысып, бөлмелеріне санитарлық тазалық жасап, есік ауласына тазалау жұмыстарын жүргізіп, қарларын күреп, ағаштарды жарып, қарттарымызға көмектесіп  қайырымды іс жасады. 

Шара соңында қарияларымыз жастарымызға  баталарын беріп, алғыстарын білдірді.