«Қайырымдылық жаса, көмек бер!» атты акциясы өтті

2020 жылдың  30.11- 05.12күндері аралығында“Жас Отан” Жастар қанаты ұйымының ұйымдастыруымен  Маңғыстау қаласында тұрмысы төмен жанұяларға және жұмыссыз қалған  отбасыларға қол ұшын созып,қайырымды іс жасау  мақсатында әлеуметтік желілер арқылы көмек қорын ашып«Қайырымдылық жаса, көмек бер!» атты  акциясын өткізді.

Қорға  жиналған  қаржыға әр отбасыға керек азық-түліктер алынып, көмекке зәру жандарға таратылды.

Осындай акцияны ұйымдастырып, көмек  қолын созған, мейірім сыйлай білген белсенді жастарымызға отбасы иелері ризашылықтарын білдірді.