«ҚазАТУ - мүмкіндіктер мекені» атты онлайн кездесуөтті

2020 жылдың 22 қазаны  күні «KazATU Connektor» клубының  ұйымдастыруымен  тікелей эфир арқылы  ҚазАТУ–ң студенттерімен  «ҚазАТУ - мүмкіндіктер мекені» атты Аграномиялық  факультетінің түлегі режисер Нұрланов Русланмен  онлайн кездесу  өтті.

Кездесуге режисер Нұрланов Руслан,  жастар саясаты маманы М.Ж.Шолыкбаевамен унивеерситетіміздің студенттері қатысты. Руслан ағамыз өзінің университте өткен жастық шағының қалай өткенін және осы жолға қалай келгендігін, қандай қиыншылықтар болғандығын және  осындай қиыншылықтар кезінде кімнен мотивация алып, кімнің қолдағаны жайында студенттермен еркін форматта әңгіме жүргізді.

 Онлайн кездесуіміздің соңында студенттерімізге ақыл кеңес беріп, университет табалдырығында жүрген кездегі,жатақханадағы қызықтарымен бөлісті.  Студенттер  сұрақтарын  қойып кездесу кешіміз көңілді өтті.