«Қазіргі қоғамдағы биші» атты онлайн кездесу өтті

2020 жылдың 19 қарашасы күні  «Arrow crew» клубының  ұйымдастыруымен  тікелей эфирарқылы «Қазіргі қоғамдағы биші» атты жаттықтырушы, «Джаз-Фанк» бишісі, «Freedom» би студиясының маманы Куанбекова Асиямен онлайн кездесу  өтті.

Кездесуге ҚазАТУ–дың студенттеріқатысты.Тікелей эфирде Асия студенттермен кәсіби биді қалай үйренуге болатынын, биші қандай қасиеттерді дамытуы керек екенін және қайдан шабыт алуға болатынын және

бимен қалай айналыса бастағанын және алға қойған  мақсаттары жайлыда айтып,еркін форматта әңгіме жүргізді.

Кездесу соңында студенттерімізге ақыл кеңес беріп, өткен қызықтарымен бөлісті. Студенттер  сұрақтарын  қойып, кездесу кешіміз көңілді өтті.