«Киім. Сән. Талғам» атты онлайн кездесу өтті

2021 жылдың 26 ақпаны күні «Сымбат» қыздар клубының ұйымдастыруымен стилист маман  Н.Жарқыновамен  «Киім. Сән. Талғам»» тақырыбында ZOOM қосымшасында онлайн  кездесу өтті.

Кездесуге  университетіміздің 1,2 курс студент қыздары мен жастар саясаты маманы М.Ж.Шолыкбаева қатысты.

Кездесуде Н.Жарқынова студент қыздарға қазіргі сән әлеміндегі тренд және антитрендтегі киім үлгілері жайлы айтып, қалай сәнді киіну керек, сонымен қатар биыл қандай түс сәнде екені жайлы да айтып ашық әңгіме жүргізді.  

Онлайн кездесуіміздің соңында студент қыздарға керек пайдалы ақпараттарымен бөлісіп, ақыл кеңес берді. Қыздар   сұрақтарын қойып қанағаттанарлық жауап алды.