«Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты қыздарға арналған тренинг өтті

2020 жылдың 29 қаңтары  күні «Сымбат» қыздар  клубының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасында «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты  қыздарға арналған тренинг пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап  арқылы  өтті. 

Шараға ҚазАТУ студенттерімен  «АМУ» АҚ кафедра меңгерушісінің орынбасары  жалпы психология және коммуникативті дағды пәнінің оқытушысы  Г. Мусина қатысты. 

Іс-шараны  – қыз балаға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз баланың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. 

Шара соңында студенттеріміз сұрақтарын қойып алғыстарын білдірді.