«Креативті фото» шеберлік сағаты

2020 жылдың 2-5 желтоқсаны күндері «New press» клубының ұйымдастыруымен «Креативті фото» атты шеберлік сағаты ZOOM қосымшасы арқылы өтті.

Шеберлік сағатқа ҚазАТУ-ң 1-курс студенттері қатысты. Студенттерге қарапайым ұялы телефоныңмен шедевр жасау, уақытты бос өткізбей телефон арқылы қалай фотоны өңдеу керектігі көрсетілді.

«Бұл қазіргі таңда өзекті тақырып, себебі ғаламтордың дамыған тұсында әлеуметтік желілерде белсенділік артқан. Онда әр түрлі фото-видео жариялатыны айтпаса да белгілі. Кейде олардың сапасы жоғары бола бермейді. Өйткені өңдеу жағынан шебер жандар аз. Тек сапа үшін жұмыс істеу керек»,- деп Әділ Е білімімен бөлісті.