«Тоқыма өнері» шеберлік сағаты өтті

2020 жылдың 14 қарашасы күні «Шебер қолөнершілер» клубының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы «Тоқыма өнері»  атты шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатқа университетіміздің 1-3 курс  студент қыздары қатысып, ұлттық қолөнеріміздің бірі тоқыма тоқу түрлерімен, тоқыманың тұрмысқа қажеттілігін әңгімелеу және тоқыма тоқудың тарихымен танысты. Шеберлік сағат барысында ZOOM  қосымшасы арқылы қыздарға қыс мерзіміне арналған  қалпақтарды  қалай тоқуға болатыны  көрсетілді және жіпті иіру жайлы да көп мәлімет берілді.