«Мен және салауатты өмір салты» атты оқу - тренингі өтті

2021 жылдың 25 қаңтары күні “Сау болайық” клубының ұйымдастыруымен «Мен және салауатты өмір салты» атты  логика-психологиялық нақыштағы ойын түрінде ZOOM қосымшасы арқылы оқу – тренингі өтті.

Шараға педагог-психолог А.Е.Дарменова мен университеттің  студенттері қатысты.

Шара барысында әр түрлі ойындар мен тест  өткізілді. «Жан - саулығы тән саулығы» демекші студенттер ішкі жан дүниесін психологиялық бақылау жөнінде де ақпарат алып, жағымды әсерлерімен бөлісті.