«Менің алғашқы кәсібім» тақырыбында факультетаралық байқау өтті

2020 жылдың 28 қарашасы  күні  «Бизнес және кәсіпкерлік» клубының  ұйымдастыруымен «Менің алғашқы кәсібім» тақырыбында «Business» Instagram желісінде факультетаралық байқауы өтті. 

Байқауға 1-4 курс студенттері қатысып, ережеге сәйкес «Менің алғашқы  кәсібім» тақырыбында презентация  және  бейне-баян жасады.     

Студенттер өздерінің дайындаған жұмыстарын қорғап, көрсетіп, ең үздігін әділқазылар анықтап, төмендегі студенттер марапатталды:  

І орынды  техникалық факультетінің  студенті Сауров Сұлтан;

ІІ орынды  КЖжКББ факультетінің студенті Шаден Салтанат;

ІІІ орынды  ВжМШТ факультетінің студенті Нұрсұлтанова Айгерім.