«Моншақтар сиқыры» тақырыбында шеберлік сабағы өтті

2020 жылдың 24 қазан күні, онлайн ZOOM қосымшасы арқылы «Моншақтар сиқыры»  атты шеберлік сағатымызды  білезік, тасбих, түйреуіш  жасап үйрету мақсатында университетіміздің 1,2,3,4 - курс  студент қыздарын қатысуға шақырып,  шеберлік сағатымызды тамаша көңіл-күймен бастадық. Қажетті заттарды қыздарға алдын-ала алдырып, бәріміз бірге ZOOM  қосымшасында көрсетіп жасадық, қолөнерге деген қызығушылығы бар студенттеріміз шеберлік сабақтың соңында жасаған өз білезіктерін суретке түсіріп, «Шебер қолөнершілер» клубының қыздарына алғыстарын білдірді! Қыздардың қолөнерге деген қызығушылығы одан әрі артты.