«Нашақорлыққа жол жоқ!» атты семинар өтті

2020 жылдың 22 қарашасы күні «Сау болайық» клубының  ұйымдастыруымен  ZOOM қосымшасы арқылы ҚазАТУ студенттерінің қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында дәрігер нарколог А.Ж. Трубниковаменонлайн  семинар  өтті.

Семинарда «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында  баяндама оқылып, жастарға бейне-баян көрсетілді. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай жақындарының, қоршаған адамдарының өмірінеде қауіп төндіретіні жайлы түсіндірді.

Бұл шара жастар арасында салауатты өмір сүруді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар,  нашақорлықтың алдын алу, оған жол бермеу белсенді көмек беруге шақырды.