«Өлең сөздің патшасы» атты поэзиялық сайысы өтті

2020 жылдың 23-25 қазаны күндері Алтын белгі иегерлері қауымдастығының  ұйымдастыруымен  «Өлең сөздің патшасы» атты  поэзиялық сайысы өтті.

Сайыс онлайн форматта  Instagram әлеуметтік желісі арқылы өткізілді. Сайысқа факультет бойынша барлық курс студенттері қатысты. Қатысушылар ұзақтығы 2 минут уақыт ішінде ақын-жазушыларымыздың шығармасын мәнерлеп оқыды   және  жеңімпаздар ашық дауысқа салу арқылы  (лайк)  анықталды.

Қорытынды Instagram әлеуметтік желісіндегі Алтын белгі иегерлері қауымдастығының парақшасында жарияланды.

І орынды Жер ресурстарын басқару және дизайн факультетінің 1-курс студенті Ақылбекқызы Қуаныш;

ІІ орынды Жер ресурстарын басқару және дизайн факультетінің 1-курс студенті Маликова Зейнеп;

ІІІ орынды Агрономия факультетінің 1-курс студенті Бақытжан Азиза иеленді.