«Оригами» жасау тақырыбында шеберлік сағаты өтті

2021 жылдың 25 ақпаны күні «Шебер» қолөнершілер клубының  ұйымдастыруымен онлайн ZOOM қосымшасында «Оригами» жасау атты шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатқа  1 курс студенттерімен жастар саясаты маманы М.Ж Шолыкбаева қатысты. Бұл шараны түрлі түсті қағаздан әр түрлі формада заттар жасап үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

Қажетті заттар бізде тек түрлі түсті қағаздар болды, бәріміз бірге ZOOM  қосымшасында көрсетіп жасадық, қолөнерге деген қызығушылығы бар студенттеріміз шеберлік сағаттың соңында жасаған өз оригами заттарын суретке түсіріп көрсетті,  алдағы уақыттада әр түрлі заттарды жасап үйренгісі келетіндерін айтып, ашық әңгіме жүргізді,  осындай шараны ұйымдастырған «Шебер» қолөнершілер клубының қыздарына алғыстарын білдірді.