«Праймериздің Қазақстан дамуындағы рөлі» пікір-сайыс турнирі өтті

2020 жылдың 24-25 қазанда С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Аманат» пікір – сайыс клубының ұйымдастыруымен «Праймериздің Қазақстан дамуындағы рөлі» факультет аралық пікір-сайыс турнирі өтті. Бұл турнирге университетіміздің студентерінен екі адамнан құралған 8 команда қатысты.

Қазақстандық қоғамдағы және әлемдік қауымдастықтағы  мәселелерді қоғамдық талқылау және талдау арқылы студенттердің әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін арттыру, пікір-сайыс қозғалысын дамыту мақсатында жүргізілді. Барлық студенттер өздерінің ораторлық қабілеттерін шыңдай түсіп, төмендегі студенттер жеңімпаз атанды:                                                                                                                                                                                          

I дәрежелі  диплом- Сейілбек Мадияр (КЖжБО) және Әшім Шерхан((КЖжБО)).

 II дәрежелі диплом - Аманкелді Абзал (Агрономиялық) және Казекешов Жанболат (КЖжБО).

 III дәрежелі диплом - Закенова Аяна (ЖРБСД) және Аскарова Наргиза (Агрономиялық)

Финалист атанды Каримов Арман (ЖРБСД)  және Мақсұтбек Баһадұр (Энерго факультетінің)