«Шеберлікте шек жоқ» атты әсем түйрегіш (брош) жасаудан шеберлік сағаты өтті

2021 жылдың 15 қаңтары күні «Шебер» қолөнершілер клубының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасында әсем түйрегіш (брош)   жасаудан шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатқа университеттің  студент - қыздары қатысты. «Шебер» қолөнершілер клубының қыздары киімге әдемі сән беретін түйрегіштің (брош)   жасалуын көрсетті. 

Шеберлік сағаттың соңында студенттер киімге әдемі сән беретін түйрегіштің (брош)  жасалуын  көрсетіп үйреткен клубтың қыздарына алғыстарын білдірді.