«Spelling Bee» зияткерлік сайысы өтті

2021 жылдың 24 ақпаны күні «English speaking club» клубының ұйымдастыруымен «Spelling Bee» атты зияткерлік сайысы Zoom қосымшасында өтті.

Сайысқа  университетіміздің 1,2 курс студенттері қатысты.

Бұл сайыс студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырумен, білім деңгейлерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс ағылшын тіліндегі сөздердің сауатты орфографиясы мен орфоэпиясына арналған.

Сайыс нәтижесінде үш үздік топ жарды

І орынды ВжМШТ факультетінің 1- курс студенті Нагашбаева Анжелика;

ІІ орынды техникалық факультетінің 2- курс студенті Бақыт Назым;

ІІІ орынды техникалық факультетінің 2- курс студенті Сералы Думан иеленді.