«Студенттердің интеллектуалды өсуі мен саяси өмірдің негізгі тенденцияларын түсіну» тақырыбында кездесу өтті

2020 жылдың  23 қазан күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Jastar City-2020» клубының ұйымдастыруымен «Студенттердің  интеллектуалды  өсуі  мен  саяси өмірдің  негізгі  тенденцияларын  түсіну» тақырыбында кездесуіміз  онлайн түрде ZOOM қосымшасында өтті.

Кездесуге айтыскер ақын, доцент, аға оқытушы және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы Қалиев Айбек Киікбайұлы мен жастар саясаты маманы М.Ж Шолыкбаева және унивеситетіміздің студенттері қатысты.

Ең алдымен іс-шараны бастамас бұрын клубтың   мақсаттарымен таныстыру үшін бейне жазбаға көз жүгірттік.

Айбек Қалиев ағамыз бен студенттер арасында қазіргі таңдағы студенттердің  интеллектуалды өсуімен дамуы жайында әңгіме қозғалып талқыланды,  Қалиев Айбек ағамыз өз  көрген-білгенімен мен  саяси өмірдің  негізгі  тенденцияларын  түсіну мақсатында студенттермен өз ойын  бөлісті.