«Сұлулық- көңіл айнасы» атты шеберлік сағаты өтті

2020 жылдың 7 қазаны күні  «Сымбат» қыздар  клубының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы «Сұлулық- көңіл айнасы» атты шеберлік сағаты өтті.

 Әдемі көріну үшін бет күтімі қажет, бет терісінің күтіміне немқұрайлық танытпау үшін, қазіргі студент жастарымыздың қашықтықтан оқытылып жатқандығын ескеріп, көбіне үй жағдайында  бетке қалай күтім жасау керектігін үйрету мақсатында  университетіміздің 1,2,3,4-курс студент қыздарымен «Zhazi» салонының маманы Ақниет Достиярқызы кеңес өткізілді.

Ақниет Достиярқызы қыздарға майлы теріні, сезімтал терімен және құрғақ теріні салонға бармай ақ үй жағдайында қалай күту керектігін айтып мысал келтіріп,  бірнеше бет күтімі түрлерін  көрсетіп өтті.

Шара соңында қыздар сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алып алғыстарын білдірді.