«Taboo» интеллектуалдық ойыны өтті

2020 жылдың 20 қазаны күні  “English speaking club” клубының ұйымдастыруымен “Taboo” атты интеллектуалдық ойыны Instagram   @english_kazatu парақшасында өтті.

“Taboo” ойыны 3 кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру
  2. Taboo
  3. Capital Letters

   Ойынға университетіміздің 2,3 курс студенттері қатысты. Ойын барысында қатысушыларға түрлі ойын форматында сұрақтар қойылды. Сұрақтар бойынша нақты және тура жауап берген студенттерді ойын барысында анықтап,  нәтижесі бойынша төмендегі студенттерді  жеңімпаз деп шешіп дипломдармен марапаттадық!

І орынды  ЖРБСД факультетінің студенті  Набат Арайлым;  

ІІ орынды  КЖжКБ факультетінің студенті  Ескен Зарина;  

ІІІ орынды ВжМШТ  факультетінің студенті  Асан Аружан иеленді.