«Ұлы даланың жеті қыры» интеллектуалдық ойыны өтті

2020 жылдың 4 қарашасы күні «Көшбасшы» танымдық клубының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» атты факультетаралық интелектуалдық ойыны өтті.

Бұл ойынға университетіміздің факультеттері бойынша 1-3 курс студенттері қатысты.

Студенттер өздерінің көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, шығармашылық бәсекелестікті арттырып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.

Ойын нәтижесі бойынша қатысушылардың ішінен жеңімпаздарды анықталып, дипломдармен марапатталды.

І орынды  ЖРБСжД факультетінің студенті  Ақылбекқызы Қуаныш;

ІІ орынды  Агрономия факультетінің студенті  Ботпаев Нурсултан;

ІІІ орынды  ЖРБСжД факультетінің студенті Абай Аяулым жеңіп алды.