«Үмітің үзілмесін» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек берілді

2021 жылдың 04-10 ақпаны аралығында «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен «Үмітің үзілмесін» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді.

Ұйым ішінде қор ашылып, әлеуметтік желілерге хабарландыруларды таратып, нәтижесінде 877 615 (сегіз жүз жетпіс жеті мың алты жүз он бес) теңге қаражат  жиналды.

Қорға жиналған  қаржыға 11 жастағы Е.Дуйсенбаймен 14 жастағы Д. Абановқа мүгедектер арбасы сатып алынды.

Шара соңында отбасы мүшелері «Көмек» еріктілер ұйымына және барша көмек қолын созған қайырымды жандарға  алғыстарын білдірді.