«Үздік аспапшы» атты байқау өтті

2021 жылдың 22 ақпаны күні «Нирвана» клубының ұйымдастыруымен  1 курс студенттері арасында «Үздік аспапшы» атты  факультетаралық  байқауы өтті.

Бұл байқау студенттердің бос уақытын тиімді өткізумен шығармашылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға гитараға өнері бар студенттер  белсене қатысып бейне – баяндарын ұсынды. Ұсынған бейне-баяндарын әділқазы алқасы қарап, байқау қорытындысы бойынша І орынды техникалық факультетінің студенті - Дарбаев Ғалымжан;  ІІ  орынды ВжМШТ  факультетінің студенті - Молдабаев Асхат иеленді.

Қалған қатысушыларымыз байқауға қатысқандығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.