Вайнермен кездесу өтті

2020 жылдың 28 қаңтары  күні «KazATU Connektor» клубының  ұйымдастыруымен  тікелей эфир арқылы  ҚазАТУ–дің студенттерімен  еркін тақырыпта Вайнер Садирханов Аңсағанмен онлайн кездесу  өтті.

Кездесуге университетіміздің студенттері қатысты. Аңсаған ағамыз өзінің жастық шағының қалай өткенін және осы жолға қалай келгендігін, кезінде кімнен мотивация алып, кімнің қолдағаны жайында айтып өтті. 

Сонымен қатар студенттермен өлеңдер, жұмбақтар шешіп еркін форматта әңгіме жүргізіп,  кездесу кешіміз көңілді өтті.

Кездесуіміздің соңында студенттеріміздің қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, кездесуді ұйымдастырған клуб мүшелеріне алғысын білдірді.