«Адалдық дүкені»

2019 жылдың 14 қаңтары  күні бас ғимараттың 2 қабатында  өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген «Адалдық дүкені» ашылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті тауарларды  алып, алынған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырады.

Жобаның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру .

«Адалдық дүкені» ашылуының алғашқы күнінен бастап студенттер оң пікірлерін білдірді. Аталмыш жоба университеттің барлық оқу ғимараттарында ұйымдастырылады.