Теолог

 Теолог маманның лауазымдық міндеттері:

  • теолог университетте діни-тәрбие жұмыстарына жетекшілік етеді.
  • университеттің теолог маманының шешімін әр факультеттің тәрбие істері жөніндегі декан орынбасарларының орындаулары міндетті болып саналады. 

Университет теологының міндеттері:

  • студенттердің діни көзқарастарының бағыттарын анықтау мақсатында:
  1. Студенттерден сауалнамалар алу;
  2. Жеке сұхбат жүргізу;
  • университетте діни тақырыпта әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Университет кітапханасындағы діни бағыттағы оқулықтар бойынша сараптамалық қорытынды әзірлеу;
  • кураторлық сағаттарда діннің өзекті мәселелері тақырыбында дәрістер оқу;
  • рухани-адамгершiлiк мәселелері бойынша тәрбие жұмыстарын өткiзу;
  • факультеттерде діни-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу;
  • ғылыми кеңес отырысында діни-тәрбие жұмыстары бойынша есеп беру; 

Теологтың құқықтары мен жауапкершілігі:

  • Университеттің теолог  маманына университетте жастардың діни мәселелеріне өкілдік етуге уәкілдік берілген.
  • Жастардың діни көзқарастарын анықтау, сауаттылығын арттыру мақсатында университеттiң қызметтік мәселелерін талқылап шешуге қатынасу,
  • Діни бағытта әр студенттің дұрыс, заңды ақпарат алуына;
  • Университеттегі діни-тәрбие жұмыстарына;
  • Теолог маман университет жатақханаларында да жұмыс жүргізеді 

Теолог маман туралы ақпарат:   

Зайтхан Ерғали - Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, тел. 8707 368 05 30