1 курс студенттері арасындағы КТА-ның алғашқы ойыны

1 курс студенттері арасындағы КТА-ның алғашқы ойыны

2019 жылдың 26 қыркүйегі күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 1 курс студенттері арасында көңілді тапқырлар алаңы ойыны өтті.

Ойынға 6 факультеттен 7 команда қатысты. Олар: Агрономия факультеті құрамасы, ВжМШТ факультеті құрамасы, Энергетикалық факультет құрамасы, Экономика факультеті құрамасы, КЖжКББ факультеті құрамасы және Техникалық факультеттің «Тех ұлдары» және «Тех қыздары» командалары.

Ойынға төрелік еткен: Өнер және шығармашылық факультетінің деканы Б.Т.Байсағатов, Нұр-Сұлтан қаласының «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Б.Б.Жанділдә, «Аграрка сарбаздары» командасының ойыншысы Д.Серікқали, «Шабыт» ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі  Г.Сармантаева , ҚазАТУ жайдарманшыларының жетекшісі  А.Хасан.

Жастардың асыға күтетін КТА ойынын тамашалауға  келген көрермендердің де қарасы көп болды. Жеңіске жетуді мақсат   еткен әрбір команда ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен  сайысты қызықты   өткізіп, көрермен қошеметіне бөленді.

Тартысты ойынның қорытындысы бойынша, ВжМШТ факультеті құрамасы үздік деп танылып кубокты жеңіп алды. Ал, жүлделі ІІ орынды энергетикалық факультет құрамасы, ІІІ орынды экономика факультеті құрамасы мен «Тех қыздары» командасы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша ВжМШТ факультетінің студенті Нурбекова Аяулым және энергетикалық факультеттің студенті Сұлтан Бейбарыс жеңімпаз атанды.

Командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.