"А.Бараев атындағы АШҒӨО"астық себу науқанын уақытылы аяқтады

"А.Бараев атындағы АШҒӨО"астық себу науқанын уақытылы  аяқтады

25 мамырда Бараев атындағы АШҒӨО-да астық дақылдарын себу науқаны толықтай  аяқталды. Шаруашылық тарихында тұңғыш рет жоспарланған дақылдардың  барлық түрлері қысқа мерзім ішінде себіліп бітті. Ұзаққа созылған қыстың әсерінен себу уақыты кейінге шегеріліп, мамыр айында басталғанына қарамастан шаруашылық шаруаны түгелдей игеріп шықты.

         2021 жылдың 25 мамырында 49 гектар жерге жаздық арпа себу жұмысын аяқтаған шаруашылықтың соңғы техникасы алқаптан оралды. Барлығы 13 күн ішінде  3 мың гектар алқаптағы жұмыс түгелдей еңсерілді.  Фермерлер мен АШҒӨО басшылығы атқарылған жұмыстардың өздерін қанағаттандыратынын жасырмайды. Тиімді жұмыстың нәтижесі мол болсын. Дихандар қазірдің өзінде  түсімі мол егін жинаймыз деп үміттеніп отыр.

         «А.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлан Серікпаевтың айтуынша, жалпы егістік алқабы 5214 мың га құрайды. Оның ішінде егіс көлемі 3 мың га (түпнұсқа тұқымдарды көбейту питомниктері), ғылыми тәжірибелер - 241 га, сүріп өңдеуге 1454 га көрсетілген.

         Егістік алқаптарының құрылымы 69,9% - жұмсақ жаздық бидай, 41,1% - қатты жаздық бидай, 3,2% - арпа, 2,1% -сұлы, 2,2% - қарақұмық, 4% - жасымық, 1,3% - бұршақ, 0,4% - рапс және күнбағыс, 3,5% - ағымдағы жылғы көпжылдық шөптер, 9,0% - өткен жылғы көпжылдық шөптер.

Осы жылы ылғалды жабу барлық жоспарланған аумақта жүргізілді. Тұқымдар қажетті мөлшерде өңделген. Топыраққа минералды тыңайтқыштар 2000 гектардан астам жерге енгізілді.

      Ғалымдардың ұсынымдары бойынша көпжылдық шөптер жоспарлы уақытта 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында  барлығы 54 га жерге себілді. Ал, 12 мамырдан бастап бұршақ және майлы дақылдар, 15 мамырдан - дәнді дақылдардың кеш пісетін сорттары себіле бастады. Ал, 25 мамырда егіс жұмыстары жоспар бойынша толық аяқталды.

         Егіс науқанына қолда бар барлық ауылшаруашылық техникалары тартылды: тракторлар, дән сепкіштер, үш заманауи жоғарыөндірістік тұқым себу кешені және өзге де техника тартылды.

         Н.Серікпаевтың айтуынша, технопаркті заманауи сенімді ауылшаруашылық машиналарымен жаңарту көктемгі егіс жұмыстарының жылдамдығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Дала жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау егін егу науқаны қарқынының үдеуіне зор ықпал етті.

         Дәл егіншілік шеңберінде барлық жұмыстар параллельді түрді жүргізілді. Дифференциалды түрде тыңайтқыш енгізу, тұқым мен отын шығыны және енгізілген жүйенің барлық басқа элементтері жазылған дәл егіншілік полигонының демонстрациялық алаңында жүзеге асырылады. Технологиялық процесті бақылау спутниктік ғаламтор көмегімен жүзеге асырылады. Барлық бақылау деректері ANT анықтамалық ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Жедел ақпарат алқаптардан өндірісті басқару орталығына жеткізіледі. Нәтижесінде, ҚазАТУ-ға күнделікті есеп мәліметтері жіберіліп отырды.

         Қазіргі көктемгі дала жұмыстарының тағы бір айрықша ерекшелігі - сүрі танаптарды өңдеуде қарқынды жүруде. Осыған дейін  сүрі танаптарды өңдеу, тек себу науқанынан кейін барып жүргізілетін. Дегенмен, көктемгі дала жұмыстарын ерте әрі тиімді жоспарлау жұмысты егіс науқанымен қатар жүргізуге мүмкіндік берді. Н.Серікпаевтың айтуынша, қазіргі уақытта алқаптардың  1454 гектардан 1362 га алқабы өңделген. Жалпы алғанда 88 пайызды көрсетіп отыр. Бірінші өңдеу, механикалық өңдеу жүргізілгеннен соң жер тың қалпына айналады. Ал, келесі жылы келесі егіске арналған жерді осылай мұқият игеру жақсы өнім алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

         Қазіргі уақытта Орталықтың қызметкерлері алдында жалақы мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ. Егіс науқаны кезінде көктемгі дала жұмыстарына тартылған жұмысшыларға жұмыс беруші есебінен әлеуметтік қолдау ретінде тамақтануға деп 75% мөлшерінде ақы төленді. Бұл диқандар үшін үлкен демеу болып отыр.

         Көктемгі егіс кезеңінде қолайлы ауа-райы, жақсы әзірленген жабдықтар және білікті кадрлар мен еңбектің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы жақсы нәтиже көрсетті. «А.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлан Серікпаев барлық қызметкерлерге  нәтижелі жұмыстары  үшін алғысын білдірді.

         Қазіргі уақытта Орталық ауылшаруашылық техникаларын арам шөптерден және түрлі аурулардан, зиянкестерінен қорғайтын шараларға дайындауды бастайды. Сонымен бірге қамба-қоймалар жаңа егіннің өнімін қабылдауға дайындалып жатыр ... "Жаздың бір күні бір жылға азық",- деген мәтел «А.Бараев атындағы АШҒӨО» қарата айтылғандай. Орталық ауылшаруашылық саласының тың жобаларын талмай бойына сіңіріп жүзеге асыруды мақсат еткен.