«Адал бол» байқауының қорытындысы

«Адал бол» байқауының қорытындысы

2019 жылдың 4-18 қарашасы аралығында білім ордамызда «Адал бол!» атты университеттік карикатура және бейнеролик байқауы өтті.

Байқау жастарды парасаттылыққа баулу, жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға  17  карикатура және 12  бейнеролик ұсынылды. Әділқазы алқасының құрамында философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты – Е.Е.Мұханбетқалиев, экономикалық теория және құқық кафедрасының аға оқытушысы, «Эко ПРАВО»  үйірмесінің басшысы И.К. Амерханова, студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Ақылбек Данабекұлы, студенттік парламентінің төрайымы Дүкенбай Меруерт  болды.

«Үздік бейнероликтер» номинациясы бойынша 1-орынды Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің «Дизайн» мамандығы 18-16 тобының студенттері Жолдыбек Аружан және Саменова Алия, 2-орынды Энергетикалық факультетінің «Электрожабдықтау» мамандығының  18-08 тобы студенттері, 3-орынды   Агрономиялық факультеті «Орман ресурстары мен орман шаруашылығы» мамандығының 17-05 топ студенттері жеңіп алды.

«Үздік карикатура» номинациясы бойынша 1-орынды Энергетикалық факультеті «Электрожабдықтау» мамандығының  18-08 тобының студенті Мұхамадияр Балнұр, 2-орынды Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті  «Кадастр»  мамандығының 18-03 топ студенттері және техникалық факультетінің 17-22 тобының студенті Жакупова Маржан  иеленді, 3-орынды Агрономиялық факультеті «Орман ресурстары мен орман шаруашылығы» мамандығының 18-07 топ студенттері жеңіп алды.

Байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталып, университеттің басшылығына алғыс білдірді.