"Адал жүрек" республикалық акциясының күзгі марафоны

"Адал жүрек" республикалық акциясының күзгі марафоны

2019 жылдың 5 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған «Адал жүрек» республикалық акциясының күзгі марафонына қатысты. Оған университеттен 120 студент марафонға белсенді  қатысып, 2400 метр қашықтыққа жүгірді.

Марафонның мақсаты – қоғамның және көмекке мұқтаж жандардың алдында әрбiр азаматтың парасаттылығын арттыру болып табылады.

Акция соңында қатысушылар орман алқабын тұрмыстық қоқыстардан тазалап, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі көрсетіп, табиғатты аялауға шақырды.