«Адалдық алаңы» тақырыбында ашық сұхбаттасу

«Адалдық алаңы» тақырыбында ашық сұхбаттасу

2020 жылдың 20-21 қаңтары аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің топ басшыларына, «Саналы ұрпақ» студенттік ұйымының мүшелеріне арнап  «Адалдық алаңы» атты  ашық сұхбаттасу ұйымдастырылды.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтарымыз: «Нұр-Сұлтан» қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ақпараттық-насихаттау штабының мүшесі Е. Иргебай және университетіміздің «Экономикалық негізі мен құқық» кафедрасының аға оқытушысы И.К.Амерханова, Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры А.А.Кукеева, «Саналы ұрпақ» студенттік ұйымының жетекшісі Г.Е.Байдалина және Студенттік Парламент ұйымының белсенділері қатысты.

Сұхбаттасу барысында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы ақпарат  берілді.

Топ басшылары ашық сұхбаттасуға белсене қатысып, қызықты сұрақтар қойып, келген қонақтарымызға алғысын білдірді.