Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында  адалдық сағаты

Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында  адалдық сағаты

2020 жылдың 18-20 мамыры аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Адалдық сағаты» онлайн республикалық акциясын өткізді. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында  адалдық сағатын  1-курс студенттеріне арнап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен  әзірленген бейне-дәрістің көрсетілімі ZOOM-қосымшасы арқылы ұйымдастырылды.

Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған адалдық сағатының мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру; адалдық, парасаттылық қағидаларын тәрбиелеу және мәдениет деңгейін арттыру болып табылады. Адалдық сағатқа жалпы  2535 студент қатысып, белсенділік танытты.