«Ақ желкен» тағы бір шыңды бағындырды

«Ақ желкен» тағы бір шыңды бағындырды

Осы жолы жас актерлеріміз Ш. Айтматовтың «Жәмилә» премьерасымен республикалық студенттік театрлар фестиваліне 25-27 қазан күндері қатысып, тағы да өздерінің мықтылығын дәлелдеді.  Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен байқауға  еліміздің 10 студенттік ұжымдары үміт артып келген еді. Алайда 1 орынды қазылар алқасы біздің «Ақ желкенге» берді.

Спектакль бір аптаның ішінде қойылды. Аз уақытта толықтай бір шығарманы сахналап, оны 35 минутқа сыйдырғаны әділқазыларды таң калдырды. Әрине, ол біріншіден режиссердің шеберлігі. Қойылымның режиссеры Думан Умаров Өнер және шығармашылық факультетіндетек 4 қыркүйектен бастап жұмыс істеп келеді. Мамандығы актер, продюсер-постановщик. Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 2004-2019 жылға дейін жұмыс жасап, актер труппасының жетекшісі болған.

- «Жәмиляны» оқымаған едім. Осы спектакльден кейін Шыңғыс Айтамовтың шығармасын оқығым келіп кетті, -деген көременннің сөзі - ол режиссердің керемет тапқан шешімдерімен қатар, актерлердің өз образдарына кіріп, соны жүрекпен сезініп,  тамаша сомдап шығуының белгісі деп толықтай айтуға болады.

Бас рөлдерді сомдағанстуденттеріміздің Наурызбай Нағашыбай мен Фариза Алпамыстың актерлік шеберлігіне әділқазылар жоғарғы баға берді. Дарынды жастарымыз бар жігерін салып,образдарын мықты сомдады.

«Ақ желкеннің» басқа театр ұжымдарынан ерекшелігі - спектакльде  сахналық тазалық, массаның түгел ойнап тұрғаны және де профессионал тұрғыда жарық қойылғанын жюрилер айта кетті.

Осымен студенттік театрымыз  2019 жылы екі мәрте «Үздік» атанып отыр. Алғаш рет сәуір айында Өскеменде өткен республикалық студенттік фестивалінде бас жүлдеге ие болған. Балаларымызға және жетекшілеріне Думан Умаров пен Нұрфат Вахитовқа «Алатын шыңдарыңыз көп болсын!» дегіміз келеді.