«Antikor Ortalygy»-мен онлайн кездесу өтті

«Antikor Ortalygy»-мен онлайн кездесу өтті

2020 жылдың 19-22 мамыры аралығында Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Antikor Ortalygy»-мен бірлесе  академиялық топтардың медиаторлары және старосталарымен жемқорлықтың алдын алу бойынша ZOOM қосымшасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.

Кездесуге Нұр-Сұлтан халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі А.С.Қожумов, тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры А.А.Кукеева, тәрбие жұмысы жөніндегі бас маман Г.Байдалина  қатысты. Жемқорлықтың алдын-алу бойынша ойларын ортаға салып, студент жастарды белсенді болуға шақырып, адалдық жолында, парасатты қызмет жасауға шақырды. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу жолдары, жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттары жайлы əңгiме жүргiзiлдi.

 Сондай-ақ, медиаторлар топтардағы студенттер қашықтықтан оқыту жүйесiне тез арада бейiмделгенi жайлы айтты. Онлайн кездесу соңында жаңа оқу жылына 2 курс студенттерiнiң белсендi жастарының арасынан медиаторларды тағайындауға тапсырма берiлдi. Қатысушыларға университетінің сенім телефоны, ректор блогы туралы ақпарат берілді.