«БОЛАШАҚҚА ЖАҢА СЕРПІНМЕН»

«БОЛАШАҚҚА ЖАҢА СЕРПІНМЕН»

Бүгін «БОЛАШАҚҚА ЖАҢА СЕРПІНМЕН» деген атпен ҚазАТУ дың белсенді  студенттері университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлымен кездесті.

Кездесу барысында жастар ректорға өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, сұрақтарына ректор тарапынан толық қанда жауап алды. Былайша айтқанда ашық әнгіме түрінде өткен кездесу студенттердің көңілінен шықты. Кездесуге келген белсенді жастардың бірі университетке арнап өлең оқыса енді бірі жүрек жарды тілектерін жеткізд.  Жүздерінде жаңашылдықтың  оты бар, білімге  құштар жастармен әңімелесудің әсерлі болғандығы сонша ректор Ақылбеқ Қажығұлұлы да өзінің жастық шағынан әдемі естеліктерімен бөлісті. Сондай ақ, жастарға өзінің өмірлік тәжірибесінен түйген ақыл-кеңесін айтып, әкелік-ұстаздық ілтипатын білдірді. Жастарға білімді, ақылды, саналы болу керектігі туралы тереңнен толғаған ректордың сөзіне ұйып, ықыласпен тыңдаған жастар кеш соңында сүйікті ректорларын ортаға алып естелік суретке түсті.

Кездесу өте әсерлі болды.