Бірінші курс студенттерінің дәстүрлі спартакиадасы

Бірінші курс студенттерінің дәстүрлі спартакиадасы

2019 жылдың 1 – 28 қазан аралығында университетіміздің спорт клубы және дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен «2019 – Жастар жылына» орай және С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған бірінші курс студенттерінің дәстүрлі спартакиадасы өтті. Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың денсаулығын нығайтуға үлес қосу және университеттегі спорттық секцияларға тарту мақсатымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан биылғы спартакиада спорттың 13 түрі бойынша ұйымдастырылды. Олар: баскетбол (ерлер), баскетбол (қыздар), волейбол (ерлер), волейбол (қыздар), шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, қол күресі (ерлер), қол күресі (қыздар), қазақ күресі, асық ату.

         Жалпы саны 576 студент қатысқан спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есептегі 1-орынды - ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті командасы жеңіп алса, 2-орынды – энергетикалық факультет және 3-орынды – агрономия факультеті командасы иеленді. Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер спорт клубының арнайы дипломдарымен марапатталды.