Бірінші рет оқу ордамызда Жаңа толқын-2019 фестивалі өтті

Бірінші рет оқу ордамызда Жаңа толқын-2019 фестивалі өтті

Аталмыш байқау белгілі «Студенттік күз» фестивалінің жаңа нұсқасы. Форматы мен ережелері өзгертілген соң, атын да басқаша коюды жөн көрдік. Бірақ бұрынғыдай, байқау тек 1 курс студенттерінің арасында өтіп, оларды жарыққа шығаруға бағытталған. Жаңа ережеге сәйкес қатысушылар «вокал», «ұлттық аспап», «поэзия», «ұлттық би», «заманауи би», «КазАТУ жастардың көзімен» атты «бейне ролик» және «фото» номинациялары бойынша сынға шықты. Жарты ай ішінде дайындық жүргізген студенттер, жарқ етіп сахнаға шығып, жоғары деңгейді  көрсетті. Қортындылай келгенде, «Жаңа толқын-2019» фестивалінде 3 орынды энергетикалық факультет жеңіп алды, 2 орынға техникалық факультет ие болды. 1 орын агронономиялық факультетке бұйырcа, бас жүлдені экономикалық факультеті қоржынына салды.  Жеңімпаздарды  университетіміздің ректоры Ақылбек Қүрішбаев 15 қазанда «Студенттік қаратарға қабылдау» кешінде марапаттады.